Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шәкірті 42 елден шақырту алған ұстазға Түркістан облысының әкімі көлік сыйлады

Жарияланған күні:

Арғын Ержанұлы
Арғын Ержанұлы. Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ұстаздар мерекесі қарсаңында мұғалімдерді марапаттады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Облыс әкімі мерекелік жиында білім саласында аянбай еңбек еткен барша ұстаздар қауымын құттықтады.

"Құрметті ұстаздар! Баршаңыздың отбасыларыңызға – амандық, дендеріңізге –саулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Мереке құтты болсын! Ұстаз – жай білім беретін мамандық иесі емес. Ол – екінші ата-ана, тәрбиенің де қайнар көзі. Бәріміз де ұстаздарға қарыздармыз. Сондықтан ұлағатты ұстаздардың алдында барлық адам құрметпен бас иеді", - деді Дархан Сатыбалды.

Өңір басшысы республикалық, облыстық олимпиада және спорт жарыстарының жеңімпаздарын дайындаған 30 мұғалімге өз атынан марапат ұсынып, арнайы сыйлықтар табыстады. Оның ішінде 10 ұстаз "Алтынсарин" төсбелгісін, ал 20 педагог "Құрмет грамотасын" алып, 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақымен ынталандырылды.

Сондай-ақ, Дархан Амангелдіұлы шәкірті 42 елден шақырту алған "Түркістан Білім-инновация" лицейінің география пәнінің мұғалімі Арғын Ержанұлына облыс атын елімізден бөлек, әлемге танытқан ерен еңбегі үшін көлік кілтін табыстады. Бұдан бөлек, облыс әкімі оқушылары республикалық олимпиаданың жеңімпаздары, өзі іскер, белсенді, облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері Төлеби ауданы, Қосан Мамытов атындағы мектебінің биология пәнінің мұғалімі, 6 баланың анасы Нұрилла Баймаханқызына ноутбук сыйлады.

Айта кетерлігі, Түркістан облысында жалпы 85 112 педагог қызмет атқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2169873-shakirti-42-elden-shaqyrtu-algan-ustazga-turkistan-oblysynyng-akimi-kolik-syilady/