Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында жоғалған 5 жасар баланы 400-ден астам адам іздеген

Жарияланған күні:

Жоғалған баланы іздеушілер тобы
Жоғалған баланы іздеушілер тобы. Фото: instagram.com/policeofkaraganda

Қарағанды облысында жоғалған бес жасар баланы іздеуге 400-ден астам адам қатысты. Бала аман-есен табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, Бұқар жырау ауданында бес жасар бала төрт сағаттық іздестіруден кейін табылды

Оқиға 3 қазанда Петровка ауылында, кешкі сағат 20:00-де болған. Анасының айтуы бойынша бала аулада ойнап жүріп кенеттен жоғалып кеткен.

Іздеуге полиция қызметкерлері, ТЖ қызметкерлері, еріктілер, жергілікті тұрғындар, жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері мен кинологтар тартылды. Жалпы 400-ден астам адам қатысты.

"Іздеу жұмыстары төрт сағаттан астам уақытқа созылды. Түн ортасында баланы Петровка ауылынан бір шақырымнан астам жерден тапқан.

Бала аман-есен табылды", - деп хабарлады полицейлер

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2169883-qaragandy-oblysynda-zhogalgan-5-zhasar-balany-400-den-astam-adam-izdegen/