БҚО-да пара алды деген күдікпен полиция бастығының орынбасары ұсталды
Жарияланған күні:
Читать на русскомБатыс Қазақстан облысында полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция майоры шаруа қожалығының басшысынан 400 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы "Мой город" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Жәнібек аудандық соты полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майорына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
Тергеу мәліметінше, 24 тамызда полицей шаруа қожалығының басшысынан 400 мың теңге талап етіп, оған мәселелер туындаса, бір жылға көмектесуге уәде берген. Ол ақшаның бір бөлігін тамызда, екіншісін қыркүйекте аударуды талап еткен.
"Жәбірленуші ауыл тұрғыны мал өсірумен, ірі қара мал сатумен айналысқан. Ол полиция бастығының орынбасарымен келісіп, мәселе туындаса көмектесуге уәделескен, 28 тамызда 200 мың теңге төлеген", - делінген облыстық сот хабарламасында.
Алайда ер адам мұндай талаптардың заңсыз екенін түсініп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласқан.
14 қыркүйекте полицей келісілген соманың қалған бөлігін алу кезінде қылмыс үстінде ұсталды.
Енді полиция майоры "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ол тұрғылықты жерінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2169907-batys-qazaqstan-oblysynda-para-aldy-degen-kudikpen-politsiia-bastygynyng-orynbasary-ustaldy/