Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресеймен шекарада не болып жатыр: комитет өкілдері пікір білдірді

Жарияланған күні:

Жайсаң шекара бекетіне барар жол
Жайсаң шекара бекетіне барар жол. Фото: KAZ.NUR.KZ/Ардақ Ерубаева

БАҚ-та Ақтөбе облысындағы "Жайсаң" өткізу бекетінің алдында Ресейге қарай бет алған жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болды деген ақпарат жарияланды. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта "Жайсаң" өткізу бекетінде жүк көліктерінің жиналуы байқалмайды, бекет қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

"Күні бойы Ресей Федерациясы шекарасынан өтуге күтіп тұрған жүк көліктерінің саны 50-ден аспады. Орташа есеппен тәулігіне "Жайсаң" өткізу бекеті арқылы 1600-ден астам жүк және жеңіл көліктер өтеді", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Сондай-ақ, ведомствоның мәліметінше, Қазақстан шекарасындағы "Жайсаң" өткізу бекетінде әр бағытта 4 жолақ жұмыс істейді, ал Ресей жағындағы "Сагарчин" өткізу бекетінде 1 ғана жолақ бар. Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан жұмыстар қалыпты режимде жүргізіліп жатыр, өткізу бекетінде құжаттарды тіркеу бойынша барлық терезелерді 4 қызметкер қамтамасыз етіп отыр, жүргізушілер мен көліктердің кезегі жоқ.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, "Жайсаң" өткізу бекеті Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданының Жайсан ауылында орналасқан. Қарама-қарсы өткізу бекеті – Ресей Федерациясының "Сагарчин" бекеті. Өткізу бекеті тәулік бойы жұмыс істейді, жүк және жолаушылар тасымалын жүзеге асырады. Өткізу түрі – автомобиль (жол көлігімен тасымалдау).

Бұған дейін Павлодар облысындағы "Қосақ" автомобиль өткізу бекетінде электрондық кезек жүйесі іске қосылатыны хабарланған болатын. Аймақтық мемлекеттік кірістер департаменті брондау міндетті екенін нақтылады. Белгісіз жүк көліктері Қазақстаннан Ресейге шыға алмайды. Ереже С, С1 санатындағы көліктерге, сондай-ақ ҚР азаматтарына да, елдің резиденттері емес тұлғаларға да қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2170152-reseimen-shekarada-ne-bolyp-zhatyr-komitet-okilderi-pikir-bildirdi/