Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайында интерполдың сұратуымен шетел азаматы ұсталды

Жарияланған күні:

Күдікті моңғол азаматы
Күдікті моңғол азаматы. Фото: polisia.kz

Алматы әуежайында интерполдың сұратуымен шетел азаматы ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Polisia.kz мәліметінше, ұсталған адам – Моңғолия азаматы ұсталды. Оған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, құжаттарды қолдан жасағаны және салық, кедендік төлемдер мен алымдарды төлемеу мақсатында контрабандаға барғаны үшін Польшаның құқық қорғау органдары іздеу жарияланған.

Қылмыстық топтың құрамында болған және жалған моңғол дипломатиялық құжаттарын қолданған ер адам Польшаға 1,7 млн бумадан астам темекіні заңсыз тасымалдаған. Кедендік алымдардан жалтарған. Осылайша бұл мемлекетке шамамен 50 000 АҚШ доллары көлемінде шығын келтірген.

Ұсталған адам қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2170165-almaty-auezhaiynda-interpoldyng-suratuymen-shetel-azamaty-ustaldy/