Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Энергетика министрі референдумға қатысты

Жарияланған күні:

Алмасадам Сәтқалиев
Алмасадам Сәтқалиев. Фото: Қуандық Дюсенғұлов

Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумға қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс беру үшін №230 дауыс беру учаскесіне барды.

Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов пен Алматы әкімі Ерболат Досаев референдумда дауыс бергенін хабарлаған болатынбыз.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша референдум өтіп жатыр. Референдумда қазақстандықтар елімізге атом электр станциялары қажет немесе қажет емес екенін шешу керек. Дауыс беру таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2170332-energetika-ministri-referendumda-dauys-berdi/