Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл күрделі сұрақ": Тоқаев атом электр станциясын кім салатыны жөнінде пікір білдірді

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев журналистермен тілдесіп, референдумда оң нәтиже шыққан жағдайда атом электр станцияларын кім салатынына қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бұл күрделі сұрақ, бірақ менің бұл мәселеге қатысты жеке көзқарасым бойынша, ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан тұратын халықаралық консорциум жұмыс істеуі керек. Ал одан арысын өмір көрсетеді", - деп жауап берді Тоқаев.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша референдум өтіп жатыр. Референдумда қазақстандықтар елімізге атом электр станциялары қажет немесе қажет емес екенін шешу керек. Дауыс беру таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2170371-bul-kurdeli-suraq-toqaev-atom-elektr-stansasyn-kim-salatyny-zhoninde-pikir-bildirdi/