Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АЭС құрылысы бойынша референдум: қанша қазақстандық дауыс беріп үлгерді

Жарияланған күні:

Референдумға дауыс беру
Референдумға дауыс беру. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Орталық референдум комиссиясы қазақстандықтардың АЭС құрылысы бойынша референдумға қатысу белсенділігі туралы мәлімет жариялады. Сағат 12.00-дегі жағдай бойынша 4 804 102 қазақстандық дауыс беріп үлгерген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 39,23 пайызы бюллетень алды.

Оның ішінде:

1. Абай облысы бойынша – 42,22 пайыз

2. Ақмола облысы бойынша – 45,48 пайыз

3. Ақтөбе облысы бойынша – 44,87 пайыз

4. Алматы облысы бойынша – 41,76 пайыз

5. Атырау облысы бойынша – 43,94 пайыз

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 36,67 пайыз

7. Жамбыл облысы бойынша – 36,27 пайыз

8. Жетісу облысы бойынша – 37,35 пайыз

9. Қарағанды облысы бойынша – 46,89 пайыз

10. Қостанай облысы бойынша – 44,04 пайыз

11. Қызылорда облысы бойынша – 37,63 пайыз

12. Маңғыстау облысы бойынша – 38,50 пайыз

13. Павлодар облысы бойынша – 36,54 пайыз

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 39,85 пайыз

15. Түркістан облысы бойынша – 44,52 пайыз

16. Ұлытау облысы бойынша - 43,31 пайыз

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 37,63 пайыз

18. Астана қаласы бойынша – 41,93 пайыз

19. Алматы қаласы бойынша – 11,88 пайыз

20. Шымкент қаласы бойынша – 57,03 пайыз

Азаматтардың уақытша болатын жерлеріндегі 358 референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды.

Келесі жедел ақпарат сағат 14.05-те берілетіні хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2170465-aes-qurylysy-boiynsha-referendum-qazaqstandyqtardyng-qansha-paiyzy-dauys-berip-ulgerdi/