Атомбек есімді азамат атом электр станциясына қатысты референдумда дауыс берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомАтом электр станциясының құрылысына қатысты жүргізіліп жатқан референдумға Атомбек Баетов есімді азамат қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы облысының Талғар ауданынан Атомбек Баетов есімді азамат республикалық референдумға қатысып, өз дауысын берді. Дауыс беру атом электр станциясының (АЭС) құрылысына қатысты жүргізіліп жатқанына байланысты оның есімі ерекше символикалық мәнге ие.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сағат 14:00-де ел бойынша 5 миллионнан астам қазақстандық дауыс беріп үлгерген. Жалпы сайлаушылардың 51,77 пайызы өз таңдауын жасады.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша референдум өтіп жатыр. Референдумда қазақстандықтар елімізге атом электр станциялары қажет немесе қажет емес екенін шешу керек. Дауыс беру таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2170519-atombek-esimdi-azamat-atom-elektr-stantsiiasyna-qatysty-referendumda-dauys-berdi/