Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АЭС құрылысы бойынша референдум: қазақстандықтардың 50 пайызы дауыс беріп үлгерді

Жарияланған күні:

Референдум өткізу
Сайлау өтіп жатыр.. Көрнекі фото: gov.kz

Орталық референдум комиссиясы қазақстандықтардың АЭС құрылысы бойынша референдумға қатысу белсенділігі туралы мәлімет жариялады. Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша 6 339 425 қазақстандық дауыс беріп үлгерген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,77%-і бюллетень алды.

Оның ішінде:

1. Абай облысы бойынша – 52,99%;

2. Ақмола облысы бойынша – 54,91%;

3. Ақтөбе облысы бойынша – 52,85%;

4. Алматы облысы бойынша – 59,32%;

5. Атырау облысы бойынша – 52,91%;

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 50,52%;

7. Жамбыл облысы бойынша – 48,80%;

8. Жетісу облысы бойынша – 55,42%;

9. Қарағанды облысы бойынша – 59,92%;

10. Қостанай облысы бойынша – 61,54%;

11. Қызылорда облысы бойынша – 54,13%;

12. Маңғыстау облысы бойынша – 46,19%;

13. Павлодар облысы бойынша – 49,18%;

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 48,00%;

15. Түркістан облысы бойынша – 67,38%;

16. Ұлытау облысы бойынша – 59,65%;

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 61,73%;

18. Астана қаласы бойынша – 45,19%;

19. Алматы қаласы бойынша – 16,91%;

20. Шымкент қаласы бойынша – 64,38%.

"Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткiзiлген деп саналады. Келесі жедел ақпарат сағат 16.05-те берілетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2170527-aes-qurylysy-boiynsha-referendum-qansha-qazaqstandyq-dauys-berip-ulgerdi/