Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстан облысында референдум күні 18 жасқа толған жастар дауыс берді

Жарияланған күні:

Жастар референдумда дауыс беруде
Жастар референдумда дауыс беруде. Фото: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысында сайлауға келген халықтың нөпірі қалың. Өңір тұрғындары маңызды күннен қалыс қалмай, өз таңдауларын жасауға асығуда.

Бүгін ел болашағына алаңдаулы жастар сайлау учаскелерінен табылды. Олар тәуелсіз еліміз үшін әрбір азаматтың науқанда таңдау жасауы маңызды дейді. Солардың бірі – Ақнұр Досқали. Ол Жаһанша Досмұхаммедов атындағы педагогикалық колледждің І курс студенті. Бойжеткен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде елінің болашағы үшін референдумға дауыс беруге келіпті.

Жастар референдумда дауыс беруде
Жастар референдумда дауыс беруде. Фото: БҚО әкімдігі

"Мен бүгін өз таңдауымды жасадым. Мұның өзі ел үшін маңызды іске қосқан үлесім деп білемін. Еліміздің болашағы - ол жастар екенін ұмытпаған жөн. Жас ұрпақ АЭС-тің энергетикалық әлеуетін пайдалана отырып, келешекте мемлекетіміздің жетістіктерін еселей түседі. Демек, АЭС жобасын жүзеге асыру еліміздің өскелең ұрпағы үшін маңызды", -дейді Ақнұр Досқали.

Жастар референдумда дауыс беруде
Жастар референдумда дауыс беруде. Фото: БҚО әкімдігі

Сондай-ақ, ол еліміздің маңызды саяси науқанына жауапкершілікпен қарайтыны жайында пікірін білдірді. Бүгін ол алғаш рет сайлау бюллетенін алып қана қоймай, естелік сыйлыққа ие болды.

Жастар референдумда дауыс беруде
Жастар референдумда дауыс беруде. Фото: БҚО әкімдігі

Айта кету керек,  Батыс Қазақстан облысында референдумға дауыс беру жалғасуда. Сонымен қатар, дауыс беру құқығы бар әрбір азамат сайтта өзінің сайлау учаскесін біле алады referendum2024.gov.kz.

Жастар референдумда дауыс беруде
Жастар референдумда дауыс беруде. Фото: БҚО әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2170543-batys-qazaqstan-oblysynda-referendum-kuni-18-zhasqa-tolgan-zhastar-dauys-berdi/