Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АЭС құрылысы бойынша референдумда қазақстандықтардың қанша пайызы дауыс берді

Жарияланған күні:

Сайлау
Сайлау. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Орталық референдум комиссиясы қазақстандықтардың АЭС құрылысы бойынша референдумға қатысу белсенділігі туралы мәлімет жариялады. Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша 7 062 358 қазақстандық дауыс беріп үлгерген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 16.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 57,68%-і бюллетень алды.

Оның ішінде:

1. Абай облысы бойынша – 58,12%;

2. Ақмола облысы бойынша – 63,50%;

3. Ақтөбе облысы бойынша – 68,41%;

4. Алматы облысы бойынша – 64,09%;

5. Атырау облысы бойынша – 56,61%;

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 60,82%;

7. Жамбыл облысы бойынша – 53,58%;

8. Жетісу облысы бойынша – 58,86%;

9. Қарағанды облысы бойынша – 62,86%;

10. Қостанай облысы бойынша – 67,57%;

11. Қызылорда облысы бойынша – 76,15%;

12. Маңғыстау облысы бойынша – 47,70%;

13. Павлодар облысы бойынша – 58,70%;

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 60,15%;

15. Түркістан облысы бойынша – 70,73%;

16. Ұлытау облысы бойынша – 63,85%;

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 68,33%;

18. Астана қаласы бойынша – 46,30%;

19. Алматы қаласы бойынша – 20,57%;

20. Шымкент қаласы бойынша – 66,48%.

Сонымен қатар Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылғаны туралы хабарлаймыз. Келесі жедел ақпарат сағат 18.05-те берілетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2170554-aes-qurylysy-boiynsha-referendumda-qazaqstandyqtardyng-qansha-paiyzy-dauys-berdi/