Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның экс-премьер-министрі дауыс берді

Жарияланған күні:

Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов : Фото: Nur.kz/Бақытжан Отарбаева

Әлихан Смайылов республикалық референдумда тұрғылықты жері бойынша дауыс берді. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Палата баспасөз қызметі Telegram-дағы арнасында хабарлағандай Әлихан Смайылов АЭС құрылысы жөніндегі республикалық референдумға қатысты. Ол тұрғылықты жері бойынша дауыс берді.

Дауыс беруге Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері мен қызметкерлері де қатысты.

Еске сала кетейік, бұған дейін референдумда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов, Алматы әкімі Ерболат Досаев және энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дауыс берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2170585-qazaqstannyng-eks-premer-ministri-dauys-berdi/