Украинада қанша қазақстандық бар және олар АЭС бойынша референдумда дауыс бере алды ма
Жарияланған күні:
Читать на русскомСыртқы істер вице-министрі Роман Василенко Орталық референдум комиссиясының кулуарында Украинадағы қазақстандықтар АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс бере алмағанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Роман Василенко Украинада сайлау учаскесі өткен жылдардағыдай ашылмағанын атап өтті.
"Ол жақта бұрынғыша 150-ге жуық Қазақстан азаматы бар, бірақ объективті себептермен олардың дауыс беруге мүмкіндігі болмады", - деп түсіндірді вице-министр.
Осыған дейін Орталық референдум комиссиясында АЭС құрылысы бойынша шетелдегі қазақстандықтардың референдумға қатысу белсенділігі туралы мәлімет жарияланған еді.
Сағат 19.00-дегі жағдай бойынша шетелде 13 учаскенің жұмысы аяқталды, 7358 астам Қазақстан азаматы немесе 59,79 пайызы өз дауысын берді.
Сондай-ақ Қазақстанда сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 7 537 675 азамат немесе халықтың 61,56 пайызы дауыс беріп үлгерген.
Дауыс берушілердің келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 21.00-де беріледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2170630-ukrainada-qansha-qazaqstandyq-bar-zhane-olar-aes-qurylysy-boiynsha-referendumda-dauys-bere-aldy-ma/