Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда концертте 40-тан астам бала жоғалып кетті (видео)

Жарияланған күні:

Полиция қызметкері мен балалар
Полиция қызметкері мен балалар. Видеодан кадр: instagram.com/police.atyrau

Кеше Атырауда қала күні атап өтілді. Мерекеге арналған концерт кезінде 40-қа жуық бала алаңда адасып қалған, деп хабарлайды полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Атырау облыстық полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, мерекелік іс-шараларға байланысты облыс полицейлері күшейтілген қызмет режиміне көшірілген.

Кеше мерекеге орай өткен іс-шара кезінде Исатай-Махамбет орталық алаңына 10 мыңға жуық адам жиналған.

Мереке кезінде ондаған бала қалың нөпірдің арасында адасып қалған.

"Концерт барысында тәртіп сақшылары көптің арасында балаларынан көз жазып қалған 40-қа жуық ата-анаға көмек көрсетті, полицияның келісілген жұмысының арқасында барлық бала тезарада отбасына қайтарылды", - деп хабарлады полиция өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2170737-atyrauda-kontsertte-40-tan-astam-bala-zhogalyp-ketti-video/