Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте терең шұңқырға құлап кеткен жігіт құтқарылды (видео)

Жарияланған күні:

Шұңқырға құлап кеткен жігітті құтқару сәті
Шұңқырға құлап кеткен жігітті құтқару сәті. Скриншот: t.me/qr_tjm

Бүгін, 7 қазанда Шымкентте терең шұңқырға құлап кеткен жігіт құтқарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ TЖМ-ның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ мәліметінше, оқиға Шымкенттегі Қаратұз ауданында болған. 20 жастағы жігіт тереңдігі 3 метр болатын шұңқырға құлап, өздігінен шыға алмаған.

Оқиға орнына келген құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен оны шұңқырдан шығарып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Еске салайық, Шымкентте құтқарушылар басына "горшок" киіп алып, шеше алмаған екі жасар балаға көмекке келген еді. Мамандар аспалы құралдардың көмегімен баланың басынан "горшокты" абайлап шешіп алған. Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға балаларына баскөз болып, оларды ерекше назарда ұстауды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2170822-shymkentte-tereng-shungqyrga-qulap-ketken-zhigit-qutqaryldy-video/