Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысының әкімі қаза болған өрт сөндірушінің отбасына көңіл айтты

Жарияланған күні:

Әкім марқұмның туыстарымен
Әкім марқұмның туыстарымен. Фото: instagram.com/ermaganbetbulekpaev/

Қарағанды облысының әкімі дала өртін сөндіру кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Хали Хайраттың отбасына көңіл айтты. Бұл туралы әкім өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Хали Хайраттың туыстарына көңіл айтып, марқұмның ерлігі мен еліне деген адалдығын ерекше атап өтті.

"Дала өрті кезінде қаза тапқан батырымыз Хали Хайраттың отбасына көңіл айттым. Оның дала өртімен күресу кезіндегі ерлігі нағыз батылдық пен адалдықтың үлгісі болып табылады. Хали Хайрат өз өмірін халқына қызмет етуге және туған жерін қорғауға арнады.

Осынау қиын сәтте біз Халидің туыстарының қайғыларына ортақтасып, қолдауымызды көрсетеміз. Оның жарқын бейнесі мен ел алдындағы еңбегі ұмытылмайды", - деді әкім жазбасында.

Еске салсақ, кеше өрт сөндірушілердің Қазақстанның екі облысында құрғақ шөптің жануын сөндіріп жатқаны туралы хабарлаған едік.

Ал бүгін Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысында өз қызметтік міндетін атқару кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза тапқаны мәлім болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2170864-qaragandy-oblysynyng-akimi-qaza-bolgan-ort-sondirushining-otbasyna-kongil-aitty/