Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда запастағы офицерлер тағы да әскери қызметке шақырылатын болды

Жарияланған күні:

Әскердегі сарбаз
Әскердегі сарбаз. Фото: freepik.com

Қазақстанда 2025 жылы 900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылатын болды. Қорғаныс министрлігі қаулы жобасын "Ашық НҚА" порталында жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ашық НҚА" порталында "Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" үкімет қаулысының жобасы жарияланған.

Құжатқа сәйкес, 2025 жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады. Әскери қызметке шақырылған азаматтар 24 ай бойы Қарулы күштерде, ҰҚК Шекара қызметінде, ІІМ Ұлттық ұланында және Төтенше жағдайлар министрлігінде офицерлік құрам лауазымдарында қызмет атқарады.

  • Қазақстан Республикасының Қарулы күштері – 700
  • ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80
  • ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 131
  • ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі – 4.

"Запастағы офицерлерді шақыру әскери дайындалған резервті жинақтау және офицерлер құрамының бос лауазымдарын толықтыру мақсатында іске асырылады",- делінген құжатта.

Нормативтік құқықтық акт "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңының 32-бабына сәйкес әзірленген.

Айта кетейік, 2024 жылдың басында экс-премьер-министр Әлихан Смайылов запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы қаулыға қол қойған еді. Ал өткен жылдың қараша айында "Ашық НҚА" порталында запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы қаулының жобасы жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2170947-qazaqstanda-zapastagy-ofitserler-tagy-da-askeri-qyzmetke-shaqyrylatyn-boldy/