Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының екі ауданында суық су өшіріледі

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қол жуғыш. Көрнекі фото
Қол жуғыш. Көрнекі фото: Artem Hvozdkov / Getty Images

Жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты Алматының екі ауданында 8-10 қазанда суық суды өшіру жоспарланып отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Алматы су" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"8 қазанда сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін Әуезов ауданында Фуркат көшесі - Райымбек даңғылы - Үлкен Алматы өзені – Төле би көшесі, Тастақ шағын ауданы – 1, № 1-10 үйлерінің шегінде орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға су беру бойынша уақытша шектеулер енгізілді.

10 қазанда сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін Алмалы ауданында Төле би – Тілендиев – Құлымбетов – Волховская, Төле би №278, 280, 282, 284 көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға су беру бойынша уақытша шектеулер енгізілді", - делінген коммуналдық кәсіпорынның Instagram желісіндегі парақшасында.

Бұл қалалық секторда суық сумен жабдықтауға уақытша шектеулер жоспарланған жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет екені атап өтілді.

Бұған дейін Алматыда 1 қыркүйектен бастап суды тым көп пайдаланған азаматтар үшін су тарифтері өсетіні хабарланған болатын. Қыркүйек айының соңында мегаполистің бірқатар шағын ауданында суық су өшірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2170989-almatynyng-eki-audanynda-suyq-su-oshiriledi/