Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

LRT құрылысындағы монолит арқалықтардың ағашпен бекітілуі астаналықтардың таңғалдырды (фото)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ағашпен бекітілген монолитттер
Ағашпен бекітілген монолитттер. Фото: t.me/myastanacity

Астанадағы тұрғындарын LRT құрылысындағы екі монолит арқалықтың ағашпен бекітілгені абдыратты. City Transportation Systems өкілдері жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото Telegram-дағы "Астана - Что? Где? Когда?" арнасында жарияланды.

"LRT аман болсын!" - деп әзілдеп жазды авторлар.

CTS өкілдері фотоға қатысты түсініктеме берді.

"LRT құрылыс алаңында (Ш.Қалдаяқов мен Қ.Қуанышбеков көшелерінің қиылысы) 114-115 учаскесінде NR14 тіреуішінде монолитті арқалықтардың түйіскен жері монолитті арқалықтардың ішкі бетін бетондау үшін ағашпен шегенделді. Қазіргі уақытта бетон жұмыстары аяқталып, беріктікті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, шегенделген ағаштар алынды", - делінген жауапта.

Айта кетейік, жақында Астанада LRT тіректерінің құрылысы аяқталды. Барлығы 799 тірек орнату жоспарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171064-lrt-qurylysyndagy-monolit-arqalyqtardyng-agashpen-bekitilui-astanalyqtardyng-tanggaldyrdy-foto/