Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 1,5 млн теңге айыппұлын төлемеген көлік жүргізушісі анықталды

Жарияланған күні:

Құжат толтырып отырған полицей
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан облысында полиция 1,5 млн теңгеден астам айыппұлы бар тұрғынды анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысы Ордабасы ауданының патрульдік полиция қызметкерлері "Қорғау" жүйесінің көмегімен айыппұлын төлемеген Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісін анықтады.

"Қорғау" бағдарламасы арқылы борышкердің автокөлігі полиция планшетіне түскен. Осыдан соң полицейлер көлікті Шымкент – Самара тас жолында тоқтатты.

"Тексеру кезінде автоледидің жеке тасымалдаумен айналысатыны анықталды. Ал айыппұлының басым көпшілігі жылдамдықты арттырумен байланысты.  Сот орындаушысының қаулысына сәйкес, Hyundai Elantra автокөлігі иесінің 1,5 миллион теңгеден астам төленбеген айыппұлы бары белгілі болды", - делінген полиция хабарламасында.

Заң талаптарына сәйкес полиция көлікті айыптұраққа қойып, жүргізушіге айыппұлдарды уақытылы төлеу қажеттілігі туралы түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171140-turkistan-oblysynda-1-5-mln-tengge-aiyppulyn-tolemegen-kolik-zhurgizushisi-anyqtaldy/