Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулық дәрігерлер 5-қабаттан құлаған баланың өмірін сақтап қалды

Жарияланған күні:

Палата іші
Палата іші. Фото: NUR.KZ/Әйгерім Сайқын

Атырауда 5-қабаттан құлаған бала жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды. Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 2 жасар нәрестенің өмірін аман алып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Баланың дәрігері, хирург Әділбек Дүйсенғалинның айтуынша, баланың беті бері қараған, тыныс ала алады. 

"Бала аурухана түскенде көптеген диагноздар қойылды. Бассүйек жарақатын, екі өкпесінің тұсы зақымданған, сондай-ақ дене жарақаттарын алған. Қазіргі кезде ем-домдар жасалып жатыр. Әрі қарай емі палатада жалғасады", - дейді дәрігер Әділбек Дүйсенғалин. 

Баланың анасы ақ халатты жандарға алғысын жеткізді. 

"Сол күні балам ата-әжесімен болған. Ашық қалған терезенің торын басып қалып, құлап кеткен. Біз жолдасымыз екеуіміз кез келген жағдайға дайын болдық. Өйткені мұндайдан кейін жазылып шығу ғажайыппен тең. Дәрігерлердің біліктілігінің арқасында баламның жағдайы жақсара бастады. Олар баланың жағдайының бәрін бізге жеткізіп отырды. Ақ халатты жандар балама екінші өмір сыйлады",- дейді баланың анасы. 

Еске салайық, 26 қазанда Атырауда "Нұрсая" ықшамауданындағы үйлердің бірінен 2 жасар бала 5-қабаттан құлап, мейрамхананың шатырына түскені хабарланған еді. 

Авторы: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171184-atyraulyq-darigerler-5-qabattan-qulagan-balanyng-omirin-saqtap-qaldy/