Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бассыздық": ата-аналар балабақшаға Face ID жүйесін орнатуға қарсы петиция жариялады

Жарияланған күні:

Балабақша бөлмесі
Балабақша бөлмесі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мектепке дейінгі мекемелерге баратын балалардың ата-анасы биометриялық аутентификация жүйесінің пилоттық жобасына қарсы петиция жариялады. Петиция epetition.kz сайтында пайда болды.

Петиция авторларының сөзінше, жергілікті әкімдіктер кейбір балабақшаларда балалардың биометриялық аутентификация жүйесінің (FaceID) пилоттық жобасын іске қосты. Балалардың ата-аналары бұл жүйеге қарсы.

"Үш жылдан бері "ҚР Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңының 8-бабын бұза отырып, ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілінің келісімінсіз Қызылорда, Алматы, Атырау, Жамбыл облыстарының балабақшаларында балаларымыздың биометриялық деректерін жинау жалғасуда.

ҚР бұл заңының 12-бабы дербес деректер операторын деректердің рұқсатсыз ашылуына немесе жоғалуына жол бермеу үшін өңделетін мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттейді.

Ал іс жүзінде балалардың фотосуреттері тиісті бақылаусыз платформаға жіберіледі. Бұл балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді және алынған деректерді қылмыстық мақсатта пайдалана алатын үшінші тұлғалардың немесе киберқылмыскерлердің биометриялық деректерге заңсыз қол жеткізу мүмкіндігі туындайды", – делінген петицияда.

Петиция авторлары қазір балабақшаларда балалардың биометриялық деректері өңдеу үшін WhatsApp мессенджері арқылы жіберілетінін айтады. Бұл жайт та ата-аналарды алаңдатып отыр.

"Яғни, дербес деректер туралы заңнаманы бұзудан басқа, балалар туралы деректер алдын ала шетелдік компания – WhatsApp мессенджеріне түседі және елден тыс жерлерге кетеді. Бұл бассыздық ҚР Азаматтық Кодексін және Білім министрлігінің ресми ұстанымын бұза отырып жалғасып келеді. Жоба әлі пысықталмаған, іске қосу үшін заңды негіздемесі жоқ", – деп есептейді петиция авторлары.

Олар бұған дейін жобаға шағым жібергенін, бірақ ешқашан жауап алмағанын атап өтті.

"Күн сайын таңертең біз тәрбиешілерге балаларды қабылдауға уақыт қалмайтынын, олар бүлдіршіндерді суретке түсіру үшін балалардың артынан смартфонмен жүгіруге мәжбүр екенін көріп жүрміз. Біз, ата –аналар, балаларымыздың бет-әлпетін күнделікті биометриялық сканерлеуге қарсымыз", - деп қорытындылады петиция авторлары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171217-bassyzdyq-ata-analar-balabaqshaga-face-id-zhuiesin-ornatuga-qarsy-petitsiia-zhariialady/