Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балалардың еміне деп ақша жинаған": алаяқтықпен 32 млн теңге тапқан Шымкент тұрғыны қамалды

Жарияланған күні:

Алаяқ
Алаяқ. Көрнекі сурет: seksan Mongkhonkhamsao/Getty Images

Шымкент тұрғыны әлеуметтік желіде балалардың еміне ақша жинау арқылы адамдарды алдады деген күдікке ілінді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов интернеттегі алаяқтық кейінгі жылдары жиі жасалатын қылмысқа айналғанын айтты.

"Шымкенттік алаяқ Instagram парақшаның дубликатын жасап, балалардың еміне ақша жинау арқылы адамдарды алдаған. Осылайша ол 32 млн теңге жинаған. Алаяқ ұсталды. Қамауда", - деді Нұрмағамбетов.

Cондай-ақ Қостанай тұрғыны DarkNet пен Telegram арқылы интернет-алаяқтық жасаған. Ол 1,5 млн теңгеден астам табыс тапқаны анықталды. Ер адам "кардингпен", яғни банк карталарының деректемелерін ұрлап және оларды қайта сатумен, сондай-ақ ақшаға компьютерлік вирустарды таратуды үйретумен айналысқан. Қазір фигурант ұсталып, сотталды.

Сәуірде Украинаның Одесса және Запорожье қалаларында өткен халықаралық арнайы операция барысында бес алаяқтық call-орталық жойылған. Қаскүнемдер қазақстандық азаматтарға қатысты қылмыс жасаған. 30-дан астам күдікті ұсталды, қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Қыркүйекте жедел іс-шараларды өткізу кезінде Алматы қаласында төрт call-орталық жойылып, 47 шетелдік ұсталды. Олар шет мемлекеттердің азаматтарына қатысты алаяқтықпен айналысқан. Тергеу шаралары жүргізіліп, тәркіленген техника тексеріліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171293-balalardyng-emine-dep-aqsha-zhinagan-alaiaqtyqpen-32-mln-tengge-tapqan-shymkent-turgyny-qamaldy/