Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұнда мейірімді адамдар көп": шетелдік туристер Шымкент жайлы не ойлайды (видео)

Жарияланған күні:

Шымкент қаласы
Шымкент қаласы. Фото: gov.kz

Шымкент қаласы шетелдіктер мен қазақстандықтар арасында ең танымал туристік бағыттардың біріне айналып келеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

2024 жылдың алғашқы алты айында Шымкентке 252 919 турист келген. Оның 237 163-і қазақстандықтар болса, 15 756-сы шетелдік азаматтар. Қаладағы қонақ үйлер мен отельдер жарты жылда 5,3 миллиард теңгеге қызмет көрсеткен.

Шымкент саяхатшылардың жүрегін жылы климатымен, қонақжайлығымен және бай мәдени мұрасымен жаулап алып жатыр.

"Шымкент өте керемет қала екен. Мұнда мейірімді адамдар көп және тап-таза. Біз қаланы одан әрі зерттеп, тани бермекпіз", - дейді америкалық отбасы.

"Біз көптеген жерді аралап, керемет табиғи көріністерге куә болдық. Тіпті табиғат аясында атқа міндік. Қала көшелерімен жай серуендеп жүріп-ақ көп дүниеге қанықтық", - деді таиландтық саяхатшы.

Сондай-ақ келушілер Шымкентте туристер саны жыл сайын артып келе жатқанын, ал қала әр адам басынан кешіруі тиіс ұмытылмас әсер ұсынатынын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171331-munda-meiirimdi-adamdar-kop-sheteldik-turister-shymkent-zhaily-ne-oilaidy-video/