Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әзірге мал шығыны туралы ақпарат жоқ": ірі өрт шыққан Қарқаралы ауданының әкімі өңірдегі қазіргі ахуалды айтты

Жарияланған күні:

Қарағанды облысындғы орман өрті
Қарағанды облысындғы орман өрті. Видеодан кадр: ТЖМ

Қарқаралы ауданының әкімі Әділжан Арғынов ірі өрт шыққан өңірдегі қазіргі ахуалды баяндады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қарқаралы ауданы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік мәліметінше, Қарқаралы ауданындағы дала өртін жою үшін барлық шара қабылданып жатыр. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімі Әділжан Арғынов қазіргі жағдай туралы "24KZ" телеарнасының тікелей эфирінде айтып берді.

"Күш пен қаражат жеткілікті. Елдімекендерге қауіп жоқ. Теректі ауылында ТЖ жөніндегі вице-министрдің қатысуымен жедел штаб ашылды. Өртті жою бойынша барлық шара қабылданып жатыр. Жанармай толығымен қамтамасыз етілген.

Құтқарушыларға тамақ пен су жеткізіліп жатыр. Қазіргі уақытта мал шығыны туралы ақпарат жоқ. Алайда біз барлық фермермен байланыстамыз. Өрт ауданы – 35 мың га", - деді Әділжан Арғынов.

Ол барлық жұмыс штабтың бақылауында екенін атап өтті. Аудан әкімі құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын, қатты жел жағдайды қиындатып отырғанын айтты.

Айта кетейік, 6 қазанда Қазақстанның екі өңірінде ірі өрт болып жатқанын хабарлаған едік.

Кейінірек Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапқаны белгілі болды.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері дала өртін сөндіру кезінде күйік шалған 4 өрт сөндірушінің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады.

7 қазанда, сағат 18:30-да ТЖМ өкілдері екі облыста өрт шалған аумақ 45 мың гектарға жеткенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171361-azirge-mal-shygyny-turaly-aqparat-zhoq-iri-ort-shyqqan-qarqaraly-audanynyng-akimi-ongirdegi-qazirgi-ahualdy-aitty/