Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұстаздарға құрмет: мерекелік іс-шарада үздік педагогтер марапатталды

Жарияланған күні:

"Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік" аудандық мерекесі
Фото: Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысында "Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік" атты аудандық мерекелік іс-шара өтті. Бұл шара ұстаздардың қоғамдағы рөлін құрметтеу және олардың қажырлы еңбегін мойындау мақсатында ұйымдастырылды.

Шонжыда өткен іс-шара барысында үздік педагогтер түрлі марапаттарға ие болды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісімен 6 педагог, Құрмет грамотасымен 20 педагог, министрліктің Алғыс хатымен 61 педагог марапатталды. Сонымен қатар"Еңбек ардагері" медалімен 3 педагогтың ұзақ жылғы еңбегі бағаланып, оларға ерекше құрмет көрсетілді.

"Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік" аудандық мерекесі
Фото: Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысы білім басқармасы басшысының Құрмет грамотасымен 81 педагог марапатталды. Аудан әкімінің атынан 18 педагогқа алғыс хат табысталып, өз саласында озық нәтиже көрсеткен 100 педагогтың еңбегі ескерілді.

"Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік" аудандық мерекесі
Фото: Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Шараға арнайы қатысқан қонақтардың қатарында "Өрлеу" Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы" АҚ филиалының Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты директорының орынбасары, PhD докторы Хуршидам Масимова , аудан әкімі Бота Елеусізова және қоғам белсенділері болды. Қонақтар ұстаздарға алғыс білдіріп, олардың білім беру саласына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171376-ustazdarga-qurmet-merekelik-is-sharada-uzdik-pedagogter-marapattaldy/