Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Санда бар, санатта жоқ ағаштар": Бектенов жалған мәлімет берген әкімдіктерді сынға алды

Жарияланған күні:

Ормандағы ағаштар
Ағаштар арасынан күн сәулесі түсіп тұрған орман көрінісі. : pixabay.com

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бүгінгі өткен отырыста президенттің 2 млрд түп ағаш отырғызу міндетін іске асыру үшін көшетті жерсіндіру әдістерін жетілдіру және көзбояушылықтың жолын кесу қажет екенін айтты. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов президенттің тапсырмаларын орындау үшін елімізде 2027 жылдың соңына дейін 1 млрд-тан астам көшет отырғызып, өсіру қажет екенін атап өтті.

"Мемлекет басшысы 2 млрд түп ағаш отырғызу міндетін қойды. Бұл еліміздің орман қорын 14,5 млн гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Орман алқаптары мен саябақтарды кеңейту, болашақ ұрпақ үшін биологиялық әркелкілікті сақтау – экологиялық ахуалды жақсартуда маңызды басымдықтардың бірі. Бұл – аса күрделі әрі ұзаққа созылатын жұмыс, оны ұдайы назарда ұстау қажет. Сондықтан барымызды сақтап, жерімізді жасыл желекке айналдыру үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр әкімдіктердің санда бар, санатта жоқ ағаштар туралы күмәнді ақпарат беру фактілері кездесетінін, көзбояушылықтың жолын кесіп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту керек екенін атап өтті.

Экология министрлігіне әкімдіктермен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп осы жылдың 1 желтоқсанына дейін келесі жылдарға арналған көшет материалдарымен қамтамасыз ету жоспарын әзірлеу тапсырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171428-sanda-bar-sanatta-zhoq-agashtar-bektenov-zhalgan-malimet-bergen-akimdikterdi-synga-aldy/