Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Прокуратура өкілдері Қарқаралы ауданында өртке байланысты өңір тұрғындарына үндеу жасады

Жарияланған күні:

Қарағанды облысындағы дала өрті
Қарағанды облысындағы дала өрті. Фото: gov.kz

Прокуратура өкілдері Қарқаралы ауданында өртке байланысты тұрғындарға үндеу жасап, оларды әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қадағалау органына сілтеме жасап хабарлайды.

"Құрметті Қарқаралы ауданы тұрғындары! Бұқаралық ақпарат құралдарында және түрлі әлеуметтік желілерде Қарқаралы ауданындағы өртке қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. 

Тексерілмеген мәліметтер жарияланады", - деді облыстық прокуратура өкілдері.

Құзырлы орган өкілдері мұндай жалған мәліметтер келеңсіз қоғамдық пікірді қалыптастырып қана қоймай, қоғамдық тәртіпке де теріс әсер ететінін жеткізді. 

"Көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жазаланатын іс-әрекет болып саналады және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Осыған байланысты Қарқаралы ауданының прокуратурасы азаматтарды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және осы құқықбұзушылықтың жасалуына жол бермеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 6 қазанда Қазақстанның екі өңірінде ірі өрт болып жатқанын хабарлаған едік.

Кейінірек Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапқаны белгілі болды.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері дала өртін сөндіру кезінде күйік шалған 4 өрт сөндірушінің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады.

7 қазанда, сағат 18:30-да ТЖМ өкілдері екі облыста өрт шалған аумақ 45 мың гектарға жеткенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171478-prokuratura-okilderi-qarqaraly-audanynda-ortke-bailanysty-ongir-turgyndaryna-undeu-zhasady/