Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысындағы табиғи өрт оқшауланды

Жарияланған күні:

Өрт сөндіру ұшағы
Өрт сөндіру ұшағы. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қарағанды облысында болған өрт оқшауланды. Қазіргі уақытта өрттің ауданы анықталып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қарағанды облысында болған табиғи өрт оқшауланды. Өрттің ауданы анықталуда", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Айта кетейік, 6 қазанда Қазақстанның екі өңірінде ірі өрт болып жатқанын хабарлаған едік.

Кейінірек Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапқаны белгілі болды.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері дала өртін сөндіру кезінде күйік шалған 4 өрт сөндірушінің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады.

7 қазанда, сағат 18:30-да ТЖМ өкілдері екі облыста өрт шалған аумақ 45 мың гектарға жеткенін хабарлады.

8 қазанда ірі өрт шыққан Қарқаралы ауданының әкімі өңірдегі ахуал туралы баяндады.

Прокуратура өкілдері Қарқаралы ауданында өртке байланысты өңір тұрғындарына үндеу жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171553-qaragandy-oblysyndagy-tabigi-ort-oqshaulandy/