Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат Қазақстандағы мектеп оқулықтары мен мұғалімдердің сауатсыздығын сынға алды

Жарияланған күні:

Оқулық ұстап отырған оқушы
Оқулық ұстап отырған оқушы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Депутат Дәулет Мұқаев жекелеген қазақстандық мұғалімдерге сын айтып, мектеп оқулықтарының бірыңғай стандартын енгізуді ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 8 қазанда Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі отырысында Дәулет Мұқанов мектептегі білім берудің жекелеген тұстарын сынға алды. Депутат оқулықтардың форматына тоқталды.

"Олардың бәрі неге әртүрлі болып кеткен? Неліктен бекітілген стандарт жоқ? Неге бұл сұрақты қойып отырмын – жыл сайын, оқу жылының басында оқулықтарға мұқабалар сатып алуға тура келеді, өйткені (мұқабалар - редактордың ескертпесі). Бір сыныптың оқулығы келесі сыныптың оқулығына жарамайды, тіпті бір сыныптың оқулықтары әртүрлі, тіпті кейде қолдан жасалған мұқабаларды қолдануға мәжбүрміз, менің ойымша, бір стандарт болуы керек", - деді ол.

Сондай-ақ, ол бастауыш сынып оқушыларының алдында тұрған қиын тапсырмаларды, кейбір мұғалімдердің сауатсыздығын да көрсетті.

"Мұғалімдер "Иә" сөзін "иа" деп жазады, яғни екі әріптен тұратын сөзден де адамдар қате жібереді. Мұғалім бола тұра. Ол балаларға қалай сабақ береді? Тіпті сіздің презентацияңыздан да (Білім Министрлігінің өкілінің – ред.ескертпесі) мен бірнеше грамматикалық қателерді байқадым. Біз грамматиканы жоғалтып бара жатырмыз", - деп есептейді депутат.

Кейін депутат Асхат Аймағамбетов оқулықтарда мұндай жағдайдың неліктен орын алғанын айтып берді.

"Біз 2020 жылы форматты біріздендіру туралы шешім қабылдадық. Яғни, кейін шығарылатын оқулықтар ыңғайлы бірыңғай форматта болады. 2016 жылдан бастап оқулықтар шығарылды, олар қазір біздің мектеп кітапханаларымызда қолданыста. Алайда әлбетте біз оларды тастамаймыз, олар әлі әрекет етіп жатыр. Сондықтан 2020 жылы осы формат бекітілгенге дейін сатып алынған, шығарылған оқулықтар әлі де қолданыста", - деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, жаңа оқулықтар шыққанда олар тек жаңа стандарттар бойынша әдеттегі форматта шығарылады.

"Менің ойымша, сіз айтып отырған мәселе толығымен шешіледі. Оқулықтың қызмет ету мерзімі – 5 жыл... 2020 жылға дейін шығарылған және қолданыста болған кітаптарды алып тастау, жою, жаңа оқулықтар сатып алу - экономикалық және жалпы тұрғыда қисынсыз. Менің ойымша, екі жылда жаңа оқулықтар шығады. Кем дегенде, министрлік бүгін бұл туралы мәлімдеп отыр", - деп жауап берді ол ата-аналар мұндай алауыздыққа тағы қанша шыдайды деген сұраққа.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171721-deputat-qazaqstandagy-mektep-oqulyqtary-men-mugalimderding-sauatsyzdygyn-synga-aldy/