Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралдың үш депутаты бірден мәслихаттан шығып кетті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жазу жазған ер адам
Қаламсаппен жазу жазған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay

Оралда мәслихаттың үш депутаты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты. Енді қала тұрғындары жаңа өкілдерді таңдайды, деп хабарлайды "Орал апталығы" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, БҚО-дан басқа жерге кетуіне байланысты Олег Офицеров (№11 сайлау округі), Айнаш Құбайдуллина (№16 сайлау округі), Әлихан Жұмашев (№23 сайлау округі) депутаттық корпустан кетті.

Аталған округтер бойынша қалалық мәслихат депутаттарын қайта сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанда өтеді, деп хабарлады қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Мұхтар Дәуітжанов басылымға берген мәліметінде.

Айта кетейік, "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіндегі мәлімет бойынша жергілікті өкілді орган (мәслихат) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың іске асырылуын бақылайтын сайланбалы орган;

мәслихат аппараты – тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171826-oraldyng-ush-deputaty-birden-maslihattan-shygyp-ketti/