Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Неге алдын алмаған": Атырауды көк түтін басты (фото)

Жарияланған күні:

Атырау
Түтін басқан Атырау. Фото: KAZ.NUR.KZ

Атырау облысының аумағында шыққан өрт тұрғындардың мазасын қашырды. Халық бірнеше күннен бері қаланы түтін иісі алып кеткеніне шағымданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Атырауды түтіннің иісі алып кетті. Тұрғындар жағымсыз иістен далада жүру мүмкін емес деп отыр.

"Қала сартындағы қоқыс өртеніп, қаланың ішін сасық иіс алып кетті. Терезе аша алмай қалдық. Далада жүру мүмкін емес. Оған даладағы өрттің иісі тағы қосылды. Жол бойы көк түтін. Неге алдын алмаған?", - дейді қала тұрғыны Светлана Кәрім.

Атырау облысы Құрманғазы ауданынан 43 шақырым жерде қамыстың жанғаны белгілі болды. Өрт сөндірушілер үш күннен бері ашық отпен арпалысып жатыр. Одан бөлек қала аумағында қоқыс полигонынан өрт шыққан.

түтін
Атыраудағы өрт. Фото: KAZ.NUR.KZ

"Әуеден аэровизуалды барлау жұмысы жасалды. Құрманғазы ауданынан 43 шақырым қашықтықта 5 га аумақта қамыс бықсып жатқаны анықталды. Сонымен қатар Құрманғазы ауданынан 20 шақырым қашықтықта "Қара пішен" учаскесі тұсында 3 га аумақта қамыстың жанып жатыр. Өрттің елді мекендерге тарап кетпеуі үшін ТЖД қызметкерлері тәулік бойына кезекшілік жүргізіп жатыр", - дейді Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі мамандары.

Атырау облысы
Түтін басқан учаске. Фото: KAZ.NUR.KZ

Мамандар өрт шыққан аумақтың сулы-батпақты болуы, автокөлік жүретін жолдардың болмауы бықсып жанған отты сөндіруде қиындық туғызып отырғанын айтады. Қазавиақұтқару "АҚ МИ-8 тікұшағының су төгу құрылғысы арқылы жану ошақтарына 30 тоннадан астам әуеден су төгу жұмыстары жүргізілген.

ТЖД өкілі өрттің айналасындағы елді мекендерге таралу қаупі жоқ екенін де алға тартты.

Автор: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171848-nege-aldyn-almagan-atyraudy-tutinning-iisi-alyp-ketti/