Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өнімдерді таңдауда неге ерекше көңіл бөлу керек

Жарияланған күні:

Қыз қораптағы ақпаратты оқиды
Көрнекі фото: pixabay.com

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі ("МОТҚҚҚ" ҚБ) тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Әрбір сатып алушы сатып алатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударуы өте маңызды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Денсаулыққа қамқорлық: кептірілген жемістер және оларды таңдау ережелері

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан жасырын сатып алушы әдісін қолдана отырып, Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында орналасқан МІКО дүкенінен Кореяда жасалған шай, макарон өнімдері мен өсімдік майын сатып алған.

Сатылып алынған өнімдер Кеден одағының техникалық регламенттерін сақтау бойынша кешенді зерттеулер жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Түркістан қаласы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Шымкент қалалық филиалының санитарлық-гигиеналық зертханасына тапсырылды.

Азық-түлік өнімдерінің үлгілеріне арналған зерттеу хаттамаларына сйкес, мынандай сәйкессіздіктер анықталды:

  • Кеден Одағына мүше мемлекеттер нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісі жоқ;
  • Пайдалану бойынша ұсынымдар мен шектеулер және тағамдық құндылық көрсеткіштері белгісіз, сондай-ақ, қаптама жасалған материалдың белгіленуі немесе әріптік белгісі көрсетілмеген;
  • Пиктограммасы жоқ;
  • Азық-түлік өнімдерінің шығарылған күні көрсетілмеген;
  • Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тауар атауы жоқ;
  • Тамақ өнімдерінің құрамы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылмаған;
  • Сақтау шарттары мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген;
  • Өндіруші мен импорттаушының атауы мен орналасқан жері мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген;
  • Таңбалама мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылмаған;
  • Тағамдық құндылық көрсеткіштері мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген.

Қазіргі таңда корей өнімдері өте танымал және тұтынушылар қауіпсіздікті ұмытып, қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы болмаса да, шетелдік өнімдерді қолданып көруге қызығушылық танытады.

Қазақстанда шетелде өндірілген тауарлардың таңбаламасына қазақ және орыс тілдерін қолдану тек Заң талабы ғана емес, сонымен қатар еліміздің барлық азаматты үшін қолжетімділік пен хабардарлықты қамтамасыз етудің маңызды элементі болып саналады. Екі тілді таңбалама қазақ және орыс тілінде сөйлейтіндерге өнімнің құрамы мен сипаттамаларын оңай түсінуге көмектеседі. Бұл ұлттық стандарттарға сәйкестік тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі тұрғысынан да маңызды.

Тұтынушылар өнімде мәліметтердің болмауы санитарлық эпидемиологиялық бақылау зертханаларына өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін тексеруді қиындататынын есте ұстауы керек. Сондықтан шығу тегі белгісіз және сатылым алдындағы бақылаудан өтпеген өнімдерді сатып алу ұсынылмайды.

Корей дүкенінен сатып алынған өнімдер
Фото: Биятан Жанна

Өнімдер техникалық регламентте көрсетілген қандай ақпараттарды қамтуы қажеттігі айтылады.

Тұтынушыларға кеңес!

Сатушылардан фискалды түбіртектер мен сәйкестік туралы декларацияларды міндетті түрде сұраңыз.

"Адал сатушы декларацияның не екенін біледі және оны тұтынушыға ұсына алады немесе тіркелген декларациялар тізілімінен көрсете алады", – дейді құқыққорғаушы-сарапшы Жанна Биятан.

Сертификаттар мен сәйкестік туралы декларацияларды Еуразиялық экономикалық комиссия сайтынан – Берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген сәйкестік декларацияларының бірыңғай тізілімінен, сондай-ақ, қазақстандық реестрде жеке тексеруге болады, – деп түсіндіреді Жанна Үрметханқызы.

Сондай-ақ тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын тиісті құжаттары жоқ жеке тұлғалардан азық-түлік өнімдерін (жол бойында сату, дүкендердегі дүңгіршектерде сату және т.б.) сатып алудан аулақ болу керек, өйткені мұндай өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік берілмейді.

"Біз өз кезегімізде әрқашан екі тараптың да: тұтынушылардың да, кәсіпкерлердің де мүддесі үшін әрекет етуге тырысамыз. Өнімнің дұрыс жəне ашық таңбаламасы түсініспеушіліктерді болдырмауға жəне өндірушілер мен сатып алушылар арасындағы сенімді нығайтуға көмектеседі. Сонымен қатар стандарттарды сақтауға қамқорлық табысты бизнестің маңызды бөлігіне айналады. Ақпарат тұтынушылардың денсаулығын қорғаудың алғашқы қадамы болып саналады. Тауарлардың құрамы мен қасиеттері қатысты білім тұтынушылардың дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік береді. Біз бизнеске таңбалама және сәйкестік процестерін жақсарту бойынша ұсынымдар беруге әрқашан қуаныштымыз, бұл ақыр соңында нарықты барлығы үшін қауіпсіз және сенімдірек етеді", - деп қорытындылады сөзін сарапшы Жанна Биятан.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171973-onimderdi-tangdauda-nege-erekshe-kongil-bolu-kerek/