Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның Рекордтар кітабына енген әскери қызметшінің отбасында тоғызыншы бала дүниеге келді (фото)

Жарияланған күні:

Рауан Әбәлханов отбасымен
Рауан Әбәлханов отбасымен. Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстанның Рекордтар кітабына енген әскери қызметші, 3-сыныпты сержант Рауан Әбәлхановтың отбасында Асылым есімді тоғызыншы перзенті дүниеге келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта 3-сыныпты сержант Рауан Әбәлханов Астана қаласындағы аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімше командирі болып қызмет етеді. Отбасындағы тоғызыншы баланы перзентханадан шығарып алуға балалары, туыстары мен жұбайының әріптестері, әскери қызметшілер барған.   

"Мен бақытты адаммын. Менің тоғыз балам – сегіз қыз, бір ұлым бар. Үлкеніміз колледжде оқиды. Әрине әр адам балалы болады ғой, алайда балаларға нағыз әке болу – әлдеқайда қиын әрі жауапты. Оларға қарап шексіз әкелік махаббат пен мақтанышты сезінемін. Әрқайсысының орны бөлек. Бәрі де өз елінің лайықты азаматы, патриоты болып өссе екен деймін", - деді Рауан Әбілханов.

Көпбалалы ата-ананы елордалық аумақтық қорғаныс бригадасы командирінің орынбасары подполковник Еркебұлан Абижов құттықтады. Ол Рауан Әбілхановтың 2022 жылы "Әли" оқу-жаттығу орталығынан Алматы облысының Шелек ауылы бағыты бойынша 350 шақырым ультрамарафонды 48 сағат ішінде жүгіріп өткені үшін Қазақстанның рекордтар кітабына енген еңбегін атап өтті. 

"Әріптесіміз қызды боп жатқанда, біз де шет қалмай Әбілхановтар отбасының қуанышына ортақтасып, осында келдік. Алға қойған барлық жоспары мен арманы орындалсын, ал балалар бақытты әрі дені сау болып өссін", - деді подполковник Еркебұлан Абижов.

42 жастағы Рауан Әбілханов 15 жылдан аса жеңіл атлетикамен айналысады. Ол – Алматы қаласында және Қарулы күштерінде өткізілген марафондардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Келесі жылы әскери қызметші өзінің рекордын жаңартпақ. Ол Астанадан Балқашқа қарай 10 күн ішінде Қарағанды тасжолымен 1000 шақырым жүгіруді жоспарлап отыр.

Рауан Әбәлханов отбасымен
Рауан Әбәлханов отбасымен. Фото: Қорғаныс министрлігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171994-qazaqstannyng-rekordtar-kitabyna-engen-askeri-qyzmetshining-otbasynda-togyzynshy-bala-duniege-keldi-foto/