Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында шалғай орналасқан ауылға газ берілді (фото)

Жарияланған күні:

Иірсу ауылына газ берілді
Иірсу ауылына газ берілді. Фото: instagram.com/turkistan_oblysy

Түркістан облысы Түлкібас ауданының орталығынан ең шалғай орналасқан Иірсу ауылына газ берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Иірсу ауылына газ құбырын тарту жұмыстары биыл толығымен аяқталды. Нәтижесінде 21 километрден астам құбыр тартылып, ауданның ең биік нүктесіндегі елді мекенде орналасқан 26 үй мен 4 мемлекеттік коммуналдық мекемені көгілдір отынға қосу жұмыстары жүріп жатыр.

Игі шараға аудан әкімінің орынбасары Марат Жанесен, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұстафа Телғараев, ауыл әкімі мен жауапты мекеме өкілдері қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты жаңалықпен құттықтап, алғашқы үйге газ қосу сәтін бірге тамашалады.

Ауыл тұрғындары құрылыс жұмыстарының басы-қасында жүріп, игі іске мұрындық болған жандарға алғыстарын жеткізіп, ақ баталарын берді.

Еске салайық, Қазақстанда 2026-2030 жылдар аралығында төрт газ өңдеу зауытын кезең-кезеңімен іске қосу басталатынын жазған едік. Өндіріс көлемін 1,6 есеге арттыру жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2172102-turkistan-oblysynda-shalgai-ornalasqan-auylga-gaz-berildi-foto/