Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тараз – Көркі!" атты фото байқау жеңімпаздары марапатталды

Жарияланған күні:

"Тараз – Көркі!" фото байқау
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

2024 жылдың 9 қазан күні Жамбыл облысының 85 жылдығына және "Қала күні" мерекесіне орай Қайрат Рысқұлбеков саябағында "Тараз – Көркі!" атты фото байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

Жалпы аталмыш шараның басты мақсаты – Жамбыл облысының 85 жылдығы және "Қала күні" мерекесіне орай 2000 жылдан астам тарихы бар Тараз қаласының бүгінгі кескін-келбетін фото өнері арқылы насихаттап, жаңарып, көркейген шаһарды көпшілікке жаңа қырынан таныту. Сондай-ақ, осы байқау арқылы кәсіби мамандарды анықтап, олардың еңбектерін халық арасында кеңінен насихаттау.

"Тараз – Көркі!" фото байқау
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Байқауға қала жастары мен тұрғындары қатысып, үздіктер іріктеліп, 7 номинация бойынша сыйлықтар табыс етілді.

"Тараз – Көркі!" фото байқау
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Нәтижесінде үздік үштік анықталды, Тоқташ Арнат Саматұлы "Үздік репортаж" номинациясы, Нысанбай Даурен Орынбекұлы "Фото минимализм" номинациясы, Қамшыбек Ислам Болатбекұлы "Қас қағым сәт" номинациясы бойынша марапатталды. Сондай-ақ, байқауға белсенді қатысқан қала тұрғындарымен жастарға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Олар: Каленова Ұлжан Медербекқызы "Қас қағым сәт" номинациясы, Дядык Максим Андреевич "Үздік қала пейзажы" номинациясы, Өрнек Мерей "Мөлдір табиғат" номинациясы және Абильмажинова Назерке Ерсінқызы "Түнгі пейзаж" номинацияларымен марапатталды.

"Тараз – Көркі!" фото байқау
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

"Тараз – Көркі!" фото байқау
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Марапат иелерін арнайы Тараз қаласы әкімінің орынбасары Жауынбекова Гүлдана Әлімжанқызы марапаттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2172144-taraz-korki-atty-foto-baiqau-zhengimpazdary-marapattaldy/