Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат тарихи тұлғаларды қорлағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды

Жарияланған күні:

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев. Сурет
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев. Сурет: almaty-akshamy.kz

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов әлеуметтік желілерде тарихи тұлғаларды қорлау мәселесін көтеріп, мұндай әрекеттерге қатысты заңнамалық өзгерістер енгізуді ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Үкімет ұлтымыздың ұлы тұлғаларына тіл тигізуге, қорлауға жол бермейтін шараларды заңдық тұрғыдан қолға алуы керек деп санаймыз", - деді ол Қазақстан Республикасының премьер-министрі мен бас прокурорына жолдаған сауалында.

Депутат жақында болған Мұқағали Мақатаевқа қатысты оқиғаны еске салып, кейінгі кезде қазақ халқының ардақты қайраткерлеріне тіл тигізу, мазақ ету жағдайлары жиілеп кеткеніне алаңдаушылық білдірді.

Оның айтуынша, мұндай әрекеттерге уақытылы шара қолданылмаса, қоғамдағы наразылық артып, өз бетінше жазалау шаралары белең алуы мүмкін. Сондай-ақ

Әшімжанов үкіметтік деңгейде ұлттық құндылықтарды қорғауға бағытталған арнайы бағдарлама әзірлеу қажеттігін атап өтті.

"Елдің ертеңін сеніп тапсыратын ұрпақ қалыптастырамыз десек, үкіметтік деңгейде жеделдетіп ұлттық құндылықтар жүйесіне арналған мемлекеттік бағдарлама әзірлеу қажет. Балабақшаларда, мектептерде, оқу-ағарту бағытында бұлжымас ұлттық тәрбие мен патриоттық іс-қимыл шаралары жүзеге асырылуы тиіс", - дейді Әшімжанов.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде ақын Мұқағали Мақатаевты қорлап сөйлеген адамның видеосы таралған болатын. Бұл қоғамда қызу талқыланды. Кейін оның кешірім сұраған видеосы жарияланды.

Автор: Назгүл Назар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2172177-deputat-tarihi-tulgalardy-qorlagandardy-qylmystyq-zhauapkershilikke-tartudy-usyndy/