Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"2000 теңге жібер": әскердегі сарбаздар жақындарына қалай хабарлама жіберіп жүр

Жарияланған күні:

Көрнекі фото. Әскер
Көрнекі фото. Әскер: Pixabay.com

Мәжіліс отырысы аясында өткен баспасөз мәслихатында Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Руслан Жангулин әскердегі сарбаздардың жақындарына қалай хабарлама жіберетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ол мұндай хабарлама бөлім командирлерінің телефонынан жіберілетінін мәлімдеді.

"Ақша сұрайтынына қатысты айтар болсақ, әр әскери бөлімде дүкендер бар. Әскерде сарбазға телефон ұстауға тыйым салынғанымен, олар телефонмен жақындарымен сөйлесе алады. Командирлердің, офицерлердің телефондарымен хабарласа алады. Күн сайын емес, бірақ бәрінде мұндай мүмкіндік бар",- деді ол.

Сондай-ақ ол ата-аналар бірнәрсе бергісі келсе, командирлермен құрылған ватсап-чатқа жазуына болатынын айтты.

"Ата-аналар бірнәрсе беріп жібергісі келсе, ватсап-чат арқылы айта алады. Ол жерде ата-аналар мен командирлер отырады",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2172187-2000-tengge-zhiber-askerdegi-sarbazdar-zhaqyndaryna-qalai-habarlama-zhiberip-zhur/