Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

170 млн теңге пара алған елордалық кәсіпкер мен пара беруші сотталды

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Фото: freepik.com

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Елорда Құрылыс Компаниясы" ЖШС бас директоры Р.А. Кадесов пен азамат О.Б. Давлетовке қатысты үкім шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикордың Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Антикор мәліметінше, Р.А. Кадесов О.Б. Давлетов арқылы Астана қаласында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу шарты бойынша аванс төлегені және сметаны ұлғайтқаны үшін мердігер ұйым басшысынан 170 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылған.

Сот үкімімен Р.А. Кадесов 10 жыл, О.Б. Давлетов – 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот Р.А. Кадесовтің мүлкін құны пара сомасына тең төрт автокөлік құралы түрінде тәркіледі, сондай-ақ мемлекет кірісіне 170 млн теңге мөлшерінде пара сомасы өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

"Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі", - деп ескертті ведомстводағылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2172202-170-mln-tengge-para-algan-elordalyq-kasipker-men-para-berushi-sottaldy/