Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жасөспірімдер қару ұстаған ер адамды тоқтатты (видео)

Жарияланған күні:

Шымкентте жасөспірімдер қару ұстаған ер адамды тоқтатты
Шымкентте жасөспірімдер қолына қару ұстаған ер адамды тоқтатты. Скриншот: instagram.com/police_shymkent

Шымкентте ломбард қызметкерін қорқытып, ақша талап еткен ер адамды сол жердегі жасөспірімдер тоқтатты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция мәліметінше, оқиға Шымкенттегі Рысқұлов көшесінде орналасқан ломбардтардың бірінде болған.

"Бетіне медициналық маска киіп алған белгісіз тұлға қолындағы тапаншаға ұқсас затпен ломбард қызметкерлерін қорқытып, 100 000 теңге қаражат талап еткен. Ломбард ішінде тұрған 17-18 жастағы жасөспірімдер қылмыстың алдын алу мақсатында құқықбұзушыны тәртіп сақшылар келгенше ұстап алған", - делінген полиция хабарламасында.

Тұран аудандық полиция қызметкерлері дер кезінде келіп құқықбұзушыны тұтқындаған. Аудандық полиция басқармасының бастығы Нұржан Тілеуов жасөспірімдерді танытқан ерлігі үшін арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2172220-shymkentte-zhasospirimder-qaru-ustagan-er-adamdy-toqtatty-video/