Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор әкім Бағдат Қарасаевты ұстау кезінде түсірілген видеоны жариялады

Жарияланған күні:

Ұстау сәті
Ұстау сәті. Фото: instagram.com/kolmakovaviktoria

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс прокуратурасымен бірлесіп бірқатар ауыр жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Іле ауданының әкімін әшкереледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Telegram-дағы арнасында пайда болған ақпаратқа сәйкес, ол өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының рұқсатынсыз аффилирленген компанияға қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын сенімгерлік басқару құқығын беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп күдіктенеді.

Сонымен қатар, ол полигонды сенімгерлік басқару мерзімін заңсыз ұзарту арқылы өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану бойынша күдікті.

Қылмыстық схемаға аудандық қаржы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары тартылған.

Айта кету керек, компанияның қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша шартта көзделген міндеттемелері орындалмаған, ал оның қызметінен түскен табыс оны жеке байытуға бағытталған. Өңір экологиясына құқыққа қайшы әрекеттерінің нәтижесінде 204 млн теңге көлемінде залал келтірілді.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

"Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2172238-antikor-akim-bagdat-qarasaevty-ustau-kezinde-tusirilgen-videony-zhariialady/