Қазақстанда әскерге шақыру жасы қайта қарала ма
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін Мәжіліс кулуарында Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин Қазақстанда әскерге шақыру жасын өзгерту туралы петицияға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Журналистер әскердегі бірқатар суицид оқиғаларынан кейін қазақстандықтар елдегі әскерге шақыру жасын 18 жстан 20 жасқа дейін көтеру туралы петиция ұйымдастырылғанын айтып, жасы үлкен жігіттердің моральдық тұрғыдан тұрақты болатынын алға тартты.
БАҚ өкілдері бұл тұрғыдан Қорғаныс министрлігінің ұстанымын сұрады.
"Қазақстанда әскерге шақыру жасын ұлғайту туралы ұсынысты қарау мүмкін емес. Өйткені, петиция тақырыбы қорғаныс мәселесі бола алмайды", - деді Руслан Жанғұлин.
Оның айтуынша, 18-27 жас аралығы әскерге шақыру үшін ең қолайлы жас.
"Жастардың көпшілігі мектеп бітіргеннен кейін жоғары оқу орнына түседі. Ал түспегендер әскерге барып, кейін болашақ жоспар құрады", - деп түсіндірді ол.
Айта кетейік, Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскери бөлімдерде бақылау туралы сөз қозғап, ақылды бейнекамералар орнатылатынын айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2172264-qazaqstanda-askerge-shaqyru-zhasy-qaita-qarala-ma/