"Көп ұзамай мемлекет меншігіне өтеді": Шымкент әкімі даулы мәселеге қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков қаладағы су арнасын мемлекет меншігіне қайтару мәселесі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz басылымының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қала әкімі "Су ресурстары Маркетинг" ЖШС-ға қатысты алғаш рет пікір білдірді. Сыздықбеков серіктесті жекенің қолынан екінші кәсіпкерге беретін мақсат жоқ екенін айтқан.
“Су ресурстары коммуналдық мекеме болуы керек. Ашығын айтқанда, бұған дейін мекемеге түскен қаржы мақсатсыз жұмсалған. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары бұл іспен айналысып жатыр. Қорытындысы шыға сала ол туралы ашық айтамыз. Бұдан бөлек, мемлекеттен бөлінген субсидияның өзі дұрыс жұмсалмаған.
Ең қызығы, мекемеге қатысты тексеру бастала сала құбырларды ауыстыру жұмыстары белсенді жүргізіле бастады. Көп ұзамай су ресурстары мемлекет меншігіне өтеді. Бұны Анарбек Орманов мырза да түсінеді деп ойлаймын", - деді Сыздықбеков.
Шымкент әкімдігінің хабарлауынша, бұрын жекешелендірілген сумен жабдықтау және су бұру стратегиялық нысандарын мемлекет меншігіне қайтару – тарифтік шығындарды ұстау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан қала басшысы қолдау білдірген депутаттарға алғысын айтып, барлығын жұмыла әрекет етуге шақырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2172697-kop-uzamai-memleket-menshigine-otedi-shymkent-akimi-dauly-maselege-qatysty-pikir-bildirdi/