Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды (видео)

Жарияланған күні:

Тікұшақ
Тікұшақ. Видеодан кадр: t.me/ qr_tjm

Қостанай облысында құтқарушылар дала өртін оқшаулады. Осылайша, олар 10 мың гектар жерді шарпыған оттың ары қарай таралуына жол бермеген, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сәйкес, Алтынсарин ауданында Лихачевка ауылынан 10 км қашықтықта ашық аумақта құрғақ шөп жанған. Желдің екпіні 25 м/с дейін күшейгендіктен, Лермонтов орманшылығының орман учаскелеріне өрттің таралу қаупі туындаған.

"Өрт сөндіру жұмыстарын ТЖМ және орман шаруашылығының қызметкерлері жүргізді. Сондай-ақ ҰҚК авиациялық қызметінің су төгу құрылғысы бар тікұшақ тартылды. Авиация 4 рет жалпы көлемі 8 тоннадан астам су төкті", - делінген ТЖД хабарламасында.

Осылайша, құтқарушылар үйлесімді іс-қимылдың арқасында 10 мың гектар алаңдағы өрт таралуының алдын алған. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2172855-qostanai-oblysynda-dala-ortin-oshiruge-tikushaq-tartyldy/