Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте қоғамдық көлікте жол жүру ақысы өсе ме

Жарияланған күні:

Шымкент қаласында қатынайтын автобустар
Шымкент қаласында қатынайтын автобустар. Фото: instagram.com/akimat_shymkent

Шымкентте қоғамдық көлікте жол жүру ақысы көтерілмейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ontustik TV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарнаның хабарлауынша, Шымкентте мәслихат сессиясы өтіп, онда 8 мәселе қаралған. Мәслихат алдымен жолақысын тұрақтандыру мәселесін қолдады, сондай-ақ бюджет көлемін ұлғайту бойынша жұмыстарды мақұлдады.

Архитектуралық мәселенің шешімі ретінде қалалақ сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармалары екіге бөлінеді. Мәслихат төрағасы Алпамыс батырдың ескерткішін ыңғайлау бойынша ұсынысын білдірді.

Бұл жиында сондай-ақ, "Су ресурстары маргетингі" ЖШС мемлекет меншігіне алу жөнінде ұсыныс айтылды. Халық қалаулылары табиғи монополиялар әкімдікке қарасты болуы керегін айтты.

Бұдан бөлек АЭС құрылысы бойынша референдумда шымкенттіктердің үлес салмағы басым болғаны да айтылды. Әкім электр энергиясына қатысты жаңа бастама халық тұрмысына оң әсер ететінін атап өтті.

Еске салайық, 1 тамыздан бастап Астанада жол жүру құны көтерілді. Елордада бұрын жолақы 90 теңге болса, тамыз айынан бастап тұрғындар 110 теңге төлеп жүр.

Сондай-ақ Алматыда 3 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жол жүру құны өсіп, 120 теңге болды. Қауіпсіздікті арттыру үшін қолма-қол ақшамен төлеу алынып тасталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2172912-shymkentte-qogamdyq-kolikte-zhol-zhuru-aqysy-ose-me/