Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстаннан Австрияға тікелей рейс ашылады

Жарияланған күні:

Ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Келер жылы Қазақстаннан Австрияға тікелей рейс ашылады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің 9- отырысын өткізу кезеңінде көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегацияның құрамында СКАТ авиакомпаниясының вице-президенті Владимир Сытник пен Қазақстанның Австриядағы елшілігінің өкілдері Австрияның туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы Сюзанна Краус-Винклер және Вена әуежайының бас директоры Юлиан Йегермен кездесулері өтті", - делінген Азаматтық авиация комитетінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

Кездесулер барысында Қазақстан мен Австрия арасында 2025 жылдың көктеміне жоспарланған SCAT әуекомпаниясының аптасына 2 рет жиілікпен тікелей рейсін ашу, сондай-ақ туризмді дамытуды визалық қолдау мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, осыған дейін Атыраудан Дубайға тікелей рейс ашылатынын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2172949-qazaqstannan-avstriiaga-tikelei-reis-ashylady/