Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент тұрғынының бақшасынан 30 килограмға жуық қарасора тәркіленді

Жарияланған күні:

Шымкент тұрғынан қарасора тәркіленді
Шымкент тұрғынан қарасора тәркіленді. Фото: instagram.com/police_shymkent

Шымкентте тәртіп сақшылары қала тұрғынының бақшасынан 30 килограмға жуық қарасора тауып, тәркіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Абай ауданы полиция басқармасының учаскелік инспекторлары әкімшілік аумақта рейд жүргізу кезінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру жайтын анықтаған.

Жергілікті тұрғынның бақшасынан тәртіп сақшылары қарасора бұталарын тауып, тәркіледі. Тыйым салынған өсімдіктердің жалпы салмағы 30 килограмға жуық.

Ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 300-бабымен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар ол бұрын-соңды ұқсас құқық бұзушылық жасағаны үшін сотты болғаны белгілі болды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Полицейлер есірткіге қатысты кез келген заңсыз әрекетке жол берілмеу қажеттігі туралы еске салады. Есірткі заттарының заңсыз айналымы қоғамға үлкен қауіп төндіреді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке әкеп соғады", - делінген полиция хабарламасында.

Еске салайық, Шымкенттің 55 жастағы тұрғыны өз пәтерінде 3 гүл егетін шелекке 14 түп сора есірткі өсімдігінің өсінділерін егіп, күтіп баптағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2172996-shymkent-turgynynyng-baqshasynan-30-kilogramga-zhuyq-qarasora-tarkilendi/