Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында бес бала көз жұмған өрттің алдын ала себебі айтылды

Жарияланған күні:

Өрт сөндіруші
Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: freepik.com

Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы бес бала көз жұмған өрттің алдын ала себебі белгілі болды. Бұдан бөлек облыстық прокуратура өкілдері қайғылы жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жітіқара ауданындағы кәмелетке толмаған балалардың қайғылы қазасы туралы ақпарат Бас прокуратураның Telegram-дағы арнасында жарияланды.

2024 жылғы 11 қазанда таңғы сағат 5:00 шамасында Жітіқара қаласының төтенше жағдайлар бөліміне Клубная көшесі, 52 мекенжайы бойынша жеке үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Облыстық прокуратура мәліметіне сүйенсек, өртті сөндіруге 19 адам және 5 техника жұмылдырылған.

"Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, өрттің алдын-ала себебі – пешті қараусыз қалдыру.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Бас прокурордың бақылауына алынды", - делінген қадағалаушы орган таратқан хабарламада.

Еске салсақ, Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы жеке тұрғын үйден өрт шығып, бес бала қаза тапқанын жазғанған едік.

Айта кетейік, Қостанай облысы Жітіқара қаласында алтын мен асбест өндіріледі, алайда қала халқы әлі пеш жағып, ауыз суды тасып ішіп отыр. Бұған дейін шаһардың шеткі үйлерінде газ түгілі, ауыз су да жоқ екенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173003-qostanaida-bes-bala-qaza-tapqan-ortting-aldyn-ala-sebebi-aityldy/