Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысындағы қайғылы жағдай: қаладағы барлық мәдени-бұқаралық іс-шара кейінге шегерілді

Жарияланған күні:

Жітіқара
Жітіқара қаласы. Фото: NUR.KZ

Қостанай облысы Жітіқарадағы өрттен ажал құшқан бес баланың өліміне байланысты қалада бүгінге жоспарланған барлық мерекелік іс-шара өтпейтін болды. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жітақара ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Дәурен Қожахметовтің KAZ.NUR.KZ тілшісіне айтуынша, бүгін еліміздегі ірі өнеркәсіп орыны саналатын "Қостанай минералдары" АҚ-ның құрылғанына 59 жыл толуына орай қалада мерекелік іс-шаралар жоспарланған. "Алтын қанат" атаулы сыйлығын салтанатты марапаттау рәсімі өтуге тиіс еді. Сондай-ақ отандық шоу-бизнес жұлдыздарының концерті жоспарланған. Ал ертең шара спорттық марафон,а ұласуы керек болған.

Қостанай облыстық әкімдігінің ақпараттық штабы да барлық мәдени-бұқаралық іс-шара кейінге ысырылғанын хабарлады.

Еске салсақ, бүгін таңғы сағат 04.29-да Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден шыққан өрттен бес бала көз жұмды. Отқа оранған үйде 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туылған кәмелетке толмаған балалар ересектердің қарауынсыз қалған. Үйінділерді тазарту барысында бес баланың өлі денесі табылды. Балалардың үлкені – 2011 жылғы бала ғана аман, зардап шекпеген.

Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Облыстық прокуратура өкілдері қайғылы жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеп, өрттің алдын-ала себебін атады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Бас прокурордың бақылауына алынды.

Автор: Айнұр Нұрмағамбетова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173060-qostanai-oblysyndagy-qaigyly-oqigaga-bailanysty-qaladagy-barlyq-madeni-buqaralyq-is-shara-keiinge-ysyryldy/